Skip to content

Мұғалімдер олимпиадасы

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Халқына 2022 жылы 1 қыркүйектегі жолдауының «Ел болашағына арналған стратегиялық инвестиция» атты үшінші және «Қолжетімді, әрі сапалы білім» атты бесінші бағдарларын ескере отырып, мұғалімдердің білім беру саласындағы перспективаларын қарастыру және қиындықтарын анықтау бағыттарын іске асыру. Пән мұғалімдерінің шығармашылық іс-әрекеттері мен тәжірибе алмасуын дамыту; оқу үдерісінде және өмір жағдаяттарында теорияны тәжірибемен ұштастыру; шығармашылықпен еңбек ететін мұғалімдерді анықтау, олардың мәртебесін көтеру, жаңашыл мұғалімдерді қолдау және мадақтау мақсатында Түркістан облысы, Түркістан қаласы «Адами әлеуетті дамыту бөлімі»нің 2022 жылғы 2 қараша №1/1743 бұйрығы негізінде пән мұғалімдерінің облыстық олимпиадасының қалалық кезеңі өткізілді. Бұл олимпиадада қала мектептерінің мұғалімдері бір-бірімен білім бәйгесінде өз білімдерімен сынға түсті. Солар қатарында Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінің де бір қатар мұғалімдері қатысып, бақ сынасып, жүлделі орындарға иеленді.
Олар:
1. Ташметова Нилуфар – информатика пәні мұғалімі – ІІ орын
2. Кахарова Ойдин – физика пәні мұғалімі – ІІ орын
3. Гафурова Насиба – өзбек тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі – ІІ орын
4. Ризаева Насиба – ағылшын тілі пәні мұғалімі – ІІ орын
5. Турсунбаева Шахноза – математика пәні мұғалімі – ІІІ орын
6. Аппақбаева Зульфия – биология пәні мұғалімі – ІІІ орын
7. Сайдуллаева Васила – тарих пәні мұғалімі – ІІІ орын
8. Сванкулова Любовь – орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі – ІІІ орын
9. Ерметова Адолат – қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі – ІІІ орын
10. Раимжанова Мавжуда – химия пәні мұғалімі – ІІІ орын
Бұл мұғалімдерді жеңістерімен құттықтай отырып, мектеп ұжымы атынан бұдан кейінгі жұмыстарына да шығармашылық табыстар тілейміз!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған