Skip to content

«Ең үздік оқырман»

Мектеп оқушысының кітап оқу іс-әрекетін дамыту Қазақстандағы білімді жаңғыртуда басым бағыттардың бірі болып табылады. Ұлттың рухани және интеллектуалды ілгерілеуінің құралы ретіндегі оқылым іс-әрекетіне балаларды тарту мақсатында «Оқуға құштар мектеп» жобасының үлесі маңызды болмақ. Кітап оқу-білім мен рухани құндылықтарды беру мен меңгерудің бір түрі ретінде, тұлғаны тәрбиелеу және білім беру адамның қоғамда табысты болуына және бәсекеге қабілеттілігінің жалпы деңгейіне әсер ететіні айқын. «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінде мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен 4-сынып оқушылары арасында байқауы өткізілді. Мектеп кітапханашылары И.Ниязметова, М.Бухаровалар бастауыш сынып оқушыларына «Кітап – ақылына ақы сұрамайтын ең құнды қазына» тақырыбында ең сүйікті кітаптарының қысқаша мазмұнын айта отырып, кітап оқуға шақырды. «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында оқушылар өздерін қызықтырған кітаптарын оқып, қысқаша мазмұнын айтып, сұрақтарға жауап берді. Байқау қорытындысы бойынша «Ең үздік оқырман» номинациясымен 4-«Ә» сынып оқушысы Атабек Асадуллаев иеленді, қалған оқушылар алғыс хаттармен марапатталды. Құттықтаймыз! Қуанышты күндеріңіз көп болсын балақайлар!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған