Skip to content

«Қаржы пирамидасы мен алаяқтық»

  Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінде 2022 жылдың 23 қараша күні Түркістан қалалық әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің жастар ресурстық орталығының мамандары мектеп оқушыларына туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Қаржылық пирамида дегеніміз – адамдардың қаржысын тарту арқылы, табыс табудың алаяқтық әдісі. Айла–шарғысы мол алаяқтар, қарапайым халықтың сенгіштігін пайдаланып соңғы уақытта қаржылық пирамидалар әлеуметтік желінің әлеуетін өздерінің арам пиғылдарын іске асырып, оны тиімді қолданып, белсенді жұмыс істеуде. Жалпы қаржылық пирамида дегеніміз – жаңа адамдарды тарту арқылы, солардың қаражаты есебінен өзге қатысушылардың табысын қамтамасыз ету әдісі. Пирамиданың бірінші қатысушыларына табыс кейінгі қатысушылардың салымы есебінен төленеді. Аяғында соңғы қатысушының қаражаты қайтарылмайды. Пирамидадағылар жаңа қатысушыны тартқанда жоғары табыстылықты, кез келген жағдайда ақша кірістілігін, мансаптық сатыда жылдам көтерілуі туралы уәде береді. Таныс адамдар арқылы жарнама жасап, түрлі тренингтер жүргізеді. Сізге өте жоғары пайыздық мөлшерлемелер, кепілдендірілген табыс ұсынылады және бұл схемаға таныстарыңыз бен достарыңызды белсенді түрде тартуды сұрайды. Алдау дұшпандары өздерінің алаяқтық схемалары үшін әр түрлі ертегілер мен аңыздарды ойлап табады, олардың кейбіреулері бір қарағанда өте заңды және сенімді көрінеді. Қаржылық пирамидалар көбінесе қаржыны интернет-сайттар мен әлеуметтік желілер арқылы тартады. Сондықтан да қаржылық пирамидаға қатысушылырдың әлеуметтік желілердегі және мессенджерлердегі клиенттерді сендіруге бағытталған пікірлеріне сенудің қажеті жоқ. Әдетте, мұндай пирамидаларды ұйымдастырушыларды ұстау қиын. Мамандар оқушыларға қазіргі таңда заман ағымына қарай алаяқтық қылмысы сан түрленіп, мың құбылып тұрғанын ескертті. Ол үшін алдымен ата-аналарың немесе өздерің құжаттарыңды қараусыз қалдырмаңыздар. Күмәнді интернет-конкурстарға, лотореяларға қатыспаңыздар. Қаржы пирамидасынан еселеп ақшаның астында қалуға асықпаңыздар. Жеке мәліметтеріңізді өзгеге айтпаңыз, әлеуметтік желіде жарияламаңыз. Аспаннан ешуақытта ақша жаумайды. Сол үшінде абай болыңыздар! , -деп өз ақыл-кеңестерін білдірді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған