Skip to content

Спорт денсаулық кепілі.

Мектеп оқушылары арасында жыл сайын дәстүрлі түрде салауатты өмір салтын насихаттау, білім алушыларды спортпен тұрақты шұғылдануға тарту, бос уақыттарын тиімді пайдалану, патриоттық тәрбие беру мақсатында «Ұлттық мектеп лигасы» ұйымдастырылып келеді. «Ұлттық мектеп лигасы» жас ерекшеліктеріне қарай спорттың 10 түрі бойынша өтеді. «Ұлттық мектеп лигасы» аясында волейболдан мектеп оқушылары арасында ұйымдастырылған ойынға Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінің оқушылары қатысып, жүлделі ІІІ орынды иеленді. Жетекшісі: Данияр Абдраимов. Шәкірттерімізге жеңістеріңіз құтты болсын деп, алдағы уақытта тек қана биіктерден көріне беруіне шын жүректен тілектеспіз!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған