Skip to content

«Балалар мен жасөспірімдердің сөз және мінез-құлық мәдениеті»

Түркістан қаласындағы Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінде қала әкімшілігінің келісімімен жасалған кесте бойынша «Балалар мен жасөспірімдердің сөз және мінез-құлық мәдениеті» айдарында кездесу кеші болып өтті. Іс-шараға Түркістан қалалық ақсақалдар алқасының мүшесі – Ырысбек Абдужаппаров, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің социологы Динара Нысанбаева және «Яссы» секторы, әлеуметтік саланың жетекші маманы Асқарбаева Бибігүл Сатыбалдықызы қатысты. Кездесу барысында тақырып аясында сөйлеу мәдениеті, мінез–құлық әдебі жайында баяндама жасалынды. Мектептің педагог-психологы С.Мирзаметова мінез-құлық, тәрбие тақырыбында тренингтер ұйымдастырды. Кездесу қонақтары да қазіргі қоғамдағы жастардың рөлі, маңызы төңірегінде білім алушылармен диалог құрып, өнегелі де еркін әңгіме өрбітті.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған