Skip to content

Day archives: 26 ноября, 2023

«Менің өмірімде қолданылатын мақал-мәтелдер” жобасы

«Менің өмірімде қолданылатын мақал-мәтелдер” жобасы Хамза атындағы N2 жалпы білім беретін мектебінде “Менің өмірімде қолданылатын мақал-мәтелдер” жобасы аясында мектептің өзін-өзі басқару ұйымы өз жұмысын бастады. Жобаның мақсаты: Жас ұрпақ санасында ата-бабаларымыздың мәңгілік мұрасын, баға жетпес қазынасын – мақал-мәтелдерді дәріптеу. Оқушылардың тіл байлығын дамыту, ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, ұлттық мұралар мен ұлттық құндылықтарды дәріптеу, тапқырлыққа, …

«Күз аруы — 2023! Сәнді қыз бен мәнді математика» атты сыныптан тыс іс шара өткізілді

Хамза атындағы №2 жалпы білім беретін мектебінде 9 сынып оқушылары арасында математика пән мұғалімі Турсунбаева Шахнозаның ұйымдастыруымен «Күз аруы — 2023! Сәнді қыз бен мәнді математика» атты сыныптан тыс іс шара өткізілді. Мақсаты: түрлі жаттығулар арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін, ойын арқылы қызығушылықтарын, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, математикаға деген қызығушылықтарын арттыру, өмірдің өзі математикаға толы екеніне …

Ыстық тамақ ас мәзіріне сай берілуде.

«Хамза атындағы №2 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Жалпыға міндетті білім беру қоры» есебінен күнделікті мектептің білім алушылары бір мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Ыстық тамақ ас мәзіріне сай берілуде. 23.11.2023жыл.

17 қараша күні «Асық ату» челленджі өткізілді.

Түркістан қаласы білім бөліміне қарасты Хамза атындағы N2 жалпы білім беретін мектебінде «Тоғыз айға 9 іс-шара» жобасы аясында 2023жылдың 17 қараша күні «Асық ату» челленджі өткізілді. Мақсаты: білім алушылардың рухани-адамгершілік мәдениетін,эстетикалық, патриоттық сезімдерін тәрбиелеу, елдің мәдени мұрасын сақтау, ұлттық ойындарды насихаттау. Ұлттық ойындардың бірі – асық ойыны баланың ой-өрісін және көкжиегін кеңейтеді, мінезін төзімділікке, қозғалысын …

«15 қараша -Ұлттық валюта күніне» орай «Ұлттық теңге-мақтанышымыз» тақырыбында тәрбие сағаттары

Түркістан қаласы білім бөліміне қарасты Хамза атындағы №2 жалпы білім беретін мектебінде «Біртұтас тәрбие»бағдарламасы, «Жеткіншектің жеті жарғысы»жобасы аясында сынып жетекшілер «15 қараша -Ұлттық валюта күніне» орай «Ұлттық теңге-мақтанышымыз» тақырыбында тәрбие сағаттарын өтті. Ұлттық валюта теңге күні Қазақстан Республикасының қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі.Осыдан 30 жыл бұрын 15 қараша күні еліміздің ұлттық валютасы теңге айналымға енді. …