Skip to content

Monthly archives: Июнь, 2023

«Достық» жазғы сауықтыру лагері

Түркістан қаласы Хамза атындағы №2 жалпы орта мектеп жанынан ашылған «Достық» жазғы сауықтыру лагері іс-шара жоспарына сәйкес 13.06 күні қаламыздың көркем жерлерін балаларға таныстырып, жас ұрпақ бойына салауатты өмір салтын дәріптеп, жазғы лагердің бір күнін табиғат аясында саяхат жасады. #Хамза_ЖОМ

7 — маусым Дүниежүзілік тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі күні

Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінде 7 — маусым Дүниежүзілік тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі күніне орай 09 маусым күні мектебіміздің мейірбикесі мектеп жанынан ашылған «Достық» лагерінің бүлдіршіндеріне «Дұрыс тамақтану» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жадынама парақшаларын таратты. Адамзат денсаулығын сақтаудың басты шарты-дұрыс тамақтану. Сондықтан тамақтануға ерекше көңіл бөлген жөн. Тиімді,дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға,ағзаның қалыпты өсуі мен дамуына,жұмыс …

4 маусым – мемлекеттік рәміздер күні

4 маусым – мемлекеттік рәміздер күні Мемлекеттік рәміздер — халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Желбіреген аспан түстес байрағымыз халқымыздың арманын асқақтатып, қыран бүркіттей елімізді аспан әлемінде қалықтап тұр. Қасиетті де қастерлі саналатын рухани байлығымыз мемлекеттік рәміздер — елдігіміздің, тәуелсіздігіміздің басты белгісі болып саналады. Ел рәміздерін құрмет …

Тәрбие — отбасынан басталады.

Тәрбие — отбасынан басталады. Бала тәрбиесі ата-ана үшін ғана емес мектеп ұжымы үшін де күрделі әрі жауапты іс. Қай халық болсын ұрпағының тәрбиесіне терең мән беріп, болашағына үнемі алаңдаушылықпен қараған. Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек деген ойшыл ғалым Әбу Насыр Әл-Фараби бабамыз: «Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық …