Skip to content

Monthly archives: Май, 2023

«Еркін ел ұрпағы» тақырыбында жалпыұлттық патриоттық диктант

Түркістан қаласы Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінде 2023 жылдың 4 мамыр күні сағат 11:00-де оқушылардың қатысуымен мамыр мерекелері және Жеңіс күні қарсаңында «Еркін ел ұрпағы» тақырыбында жалпыұлттық патриоттық диктант алынды. Диктант алудағы мақсат: Еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін дәріптеу, ұлттық құндылықтар мен ұлттық мұраттарды бойына сіңірген патриоттық рухтағы ұрпақ тәрбиелеу. Міндеттері: Қазақстандықтардың мемлекеттік тілді білу …

«Қазақстан — татулық пен бірліктің ордасы» тақырыбында іс-шаралар өтілді.

Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінде ағымдағы жылдың 28 сәуір күні 1 мамыр — Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесіне орай «Қазақстан — татулық пен бірліктің ордасы» тақырыбында іс-шаралар өтілді. Бірлік пен ынтымағы халықтың, Көгімізде жарқыраған жарық күн. Ырыс, дәулет бақыты үшін халқымның, Жайнай берсін, жайнай берсін алтын күн! #Хамза_ЖОМ #Бірлігіміз_жарасқан

«Жаңа Қазақстан. Күшіміз бірлікте» атты өнер фестивалі

Жаңа Қазақстандағы оқушы жастардың руханиятын көтеру арқылы Отан сүйгіштікке, адамгершілікке, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын терең білуге тәрбиелеу мақсатында өткізілген «Жаңа Қазақстан. Күшіміз бірлікте» атты өнер фестивалінде Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебі жүлделі І орынды иеленді. Жеңіс құтты болсын! Шығар шыңдарымыз, бағындырар биіктеріміз, алар асуларымыз көп …

«Intellectum DD2» Директорлар дебаты атты дебат турнирі

Түркістан облысының Білім беруді дамыту орталығы 2023 жылы 28 сәуір күні мектеп директорларының арасында «Intellectum DD2» Директорлар дебаты атты дебат турнирін өткізді. Турнирдың мақсаты: Білім беру саласындағы, қрғамдағы өзекті мәселелерді талдау, шешу жолдары қарастыру, мектеп директорларының сөйлеу және ораторлық мәдениетін дамыту және толеранттық тәртіппен азаматтық танымды дамыта отырып, қоғамдағы маңызды мәселелер аясында өз көзқарастары арқылы …