Skip to content

Monthly archives: Март, 2023

«Наурыз – тазалықтың айнасы» жобасымен сенбілік ұйымдастырылды.

Наурыз – тазалықтың айнасы. Ұлыстың Ұлы күні – наурыз мерекесіне арналған Түркістан қаласы білім беру мекемелерінде өткізілетін «Қош келдің – әз Наурыз» онкүндік мерекелік іс-шара аясында Хамза атындағы жалпы орта мектебінде «Наурыз – тазалықтың айнасы» жобасымен сенбілік ұйымдастырылды. Аталған шараға ұжым ұстаздары,кіші қызметкерлер және ерікті оқушылар атсалып, мектеп ауласын тазалады, шырша көшеттері отырғызылды. Сенбіліктің мақсаты: …

Адам баласы үшін ең аяулы, ең қастерлі сөз — ана.

Адам баласы үшін ең аяулы, ең қастерлі сөз — ана. Бала дүниеге келген күннен бастап өзінің жұмсақ алақаны, жылы жүзі, ыстық құшағы, мейірім толы көзқарасы арқылы барлық сүйіспеншілігін, мейірімділігін, махаббатын бере білген аналар үшін жер дүниені мекендеген адамзат қауымы бір күнді мейрам етіп белгілеген. Ол 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні. Осы атаулы мереке қарсаңында …

«Наурыз — тазалық пен экологияға қамқорлық мерекесі»

«Наурыз — тазалық пен экологияға қамқорлық мерекесі» аясында жалпы республикалық «Таза табиғат» акциясы шеңберінде Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінде ағымдағы жылдың 4 наурызында сенбілік өтті. Сенбілікке мектеп әкімшілігі, ұстаздар және кіші қызметкерлер атсалысты. Мектеп ішіндегі тазалық жұмыстарын жандандырып, ауласын көгалдандыру мақсатында қызметкерлеріміз ағаштарды әктеп, арықтарды тазалап, гүл егуге дайындық жұмыстарын жасауда белсенділік танытты. Әдемі …

«Ана-сенсің өмірдің гүлі»

Ана деген-бастауы ұлылықтың, Ана деген-рәмізі сұлулықтың. Ана деген-бір жыр бар шырқалатын, Асқақтатар биікке ұрпақ атын. Ана-тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусар бұлағы. Адам бойындағы барлық қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ардақтысы. Жер бетіндегі тіршіліктің өзегін келешекке жалғаған, өсер ұрпағына құндақтағы шағынан …

«1 Наурыз — Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні»

2023 жылдың 1 наурыз күні Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінде «1 Наурыз — Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне» орай дабыл іске қосылып, мектеп оқушылары, мұғалімдер, кіші қызметкерлер барлығы мектептің арнайы қауіпсіз алаңына шығарылды. Оқушыларға табиғи және техногендік төтенше жағдайлар туралы, төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік ережелері, міндеттері туралы түсінік берілді. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету, денсаулық және …