Skip to content

Monthly archives: Январь, 2023

«Жасөспірімдер арасында қылмыс пен нашақорлықтың алдын алу»

Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінде 2023 жылдың 30 қаңтар күні 9-11 сынып оқушылары арасында «Жасөспірімдер арасында қылмыс пен нашақорлықтың алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Мақсаты: оқушыларға зиянды заттардың адам денсаулығына тигізер залалы және осындай зиянды заттардың адам ағзасына түрлі аурулар тудыратыны туралы түсінік беру. Оқушыларға зиянды заттардан аулақ болуға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға …

«Елбасы медалі». Шәкірт жетістігі — баршамыздың мақтанышымыз.

Шәкірт жетістігі — баршамыздың мақтанышымыз. «Елбасы медалі» — жас спортшыларды, еріктілерді және мәдени мұраны қастерлейтін жастарды өскелең ұрпақты қолдау және ынталандыруға бағытталған ұлттық деңгейдегі бағдарлама. Бағдарламаға 14-29 жас аралығындағы әрбір жас қатыса алады. Қатысушылар «алтын», «күміс» немесе «қола» медальдармен марапатталады. «Елбасы медалі» жобасына әрбір қатысушыға жеті бағыт бойынша өзін-өзі дамыту бағдарламасы ұсынылады: «Спорт және дене …

«Тұғыры биік тұлға»

Еліміздің қарыштап дамып, өркениеттің жолына шығуына өлшеусіз еңбек сіңірген аса ірі қайраткер, халқымыздың ұлы перзенті Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туылғанына 111 жыл. Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінің 9-сыныптар арасында «Тұғыры биік тұлға» тақырыбында іс-шара өтілді. Іс-шараның мақсаты халқымыздың аяулы перзенті Д.А.Қонаев атамыздың өмірімен, еңбек жолымен, игі істерімен оқушыларды таныстыру. Адамгершілік асыл қасиеттерін үлгі тұтуға тәрбиелеу. …

«Каникулда кітап оқимыз»

Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебі «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында қысқы демалыс кезіндегі «Каникулда кітап оқимыз» тақырыбында ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту мақсатында демалыс мезгілінде балалармен түрлі тақырыптарда кітап оқу ұсынылды. Бұл шараның мақсаты: оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын қалыптастыру, кітап оқуға ынтасын арттыру, көпшілік алдында өз ойын еркін жеткізуге, тіл байлығын арттыруға …

«Жаңа жылға саяхат»

Жаңа жыл жаңа жыр, Жаңа жылда-жаңа жыр. Жасыл шырша жанында, Жадырап бар бала жүр. Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінде Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының 07.12.2022ж. 08-01-17/2250 хатына сәйкес жаңа жыл мерекесіне арналған іс-шаралар жоспары құрылып бекітілген. Жоспарға сәйкес бүгін мектеп алды даярлық сыныптарында «Кел Жаңа жыл, …

«Бүгінгі сән — КІТАП ОҚУ» атты іс-шара

Хамза атындағы N2 жалпы орта мектеп «Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша 26 желтоқсан күні 3-сыныптар арасында «Бүгінгі сән — КІТАП ОҚУ» атты іс-шара өтті. Іс-шараға әрбір сынып өздерінің оқыған аңыз, ертегі және өлеңдерін сахналық көрініс көрсетті. Пайда ойлама, ар ойла, Талап қыл артық білуге. Артық білім кітапта, Ерінбей оқып көруге. -деп айтқан екен ұлы ақын …

«Қыз бала тәрбиесі — ұлт болашағы»

Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінде 2022 жылдың 23 желтоқсан күні 7-сынып қыздары арасында «Қыз бала тәрбиесі — ұлт болашағы» атты тақырыпта аналар мектебінің мүшелері Н.Юлдашева, Б.Атаева және Н.Ташметова іс-шара өткізіп, қыздармен ой бөлісті. Қыздар арасындағы өзекті мәселелерді талқылап, оны шешудің оңтайлы жолдарын қарастырды. Жағымды пікірлер айтылды. Мақсаты: …