Skip to content

Monthly archives: Декабрь, 2022

«Атажұрт» этнографиялық-географиялық сайысы

Тарих-география айлығы аясында оқушылардың географиялық білімдерін кеңейту мақсатында пән мұғалімдері А.Ражаметов және С.Бабажановалардың ұйымдастыруымен 11-сынып оқушылары арасында «Атажұрт» этнографиялық-географиялық сайысы өтті. Сайысқа 3 топ қатысты. Сайыс Қазақстанның жері, оны зерттеген ғалымдар, мәдениеті, қорықтары, облыстары мен қалалары туралы және т.б. сұрақтар болды. Сайыста 11″Б» сынып оқушыларынан құралған топ жеңіске жетті.

«Тіл атасы — Ахмет Байтұрсынұлына — 150жыл»

Ірі ғалым-лингвист, әдебиет зерттеуші, түркітанушы, дарынды ақын-аудармашы Ахмет Байтұрсынұлы қазақ халқы, елі үшін еңбегі зор. Қазақ тіл білімінің негізін қалаушы ғалым Ы.Алтынсариннен кейінгі еңбегі ерекше ағартушы-педагог, сөз құдіретін танытқан жаңаша ақын. Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінде 19 желтоқсан күні қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Д.Сабирова мен …

Шәкірт жетістігі — ұстаз еңбегі.

Шәкірт жетістігі — ұстаз еңбегі. Түркістан облысы білім басқармасы «Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығы» КММ-ның ұйымдастыруымен балалар жылы аясында Түркістан облысы әкімінің кубогі үшін шағын футболдан 5-6 сынып оқушылары арасында өткен жарыс өз мәресіне жетті. Бұл командалық жарысқа Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінің 5-«В»сынып оқушысы Тораханов Азамат қатысып, үздік ойын көрсеткені үшін Түркістан …

«Ұлы Дала елі» мұражайына саяхат

Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінде тарих география пәндері айлығында аясында география және тарих пәндерінің мұғалімдері Каримбекова Дилрабо мен Сайдуллаева Васила 5-«Б» сынып оқушыларымен «Ұлы Дала елі» мұражайына саяхатқа шықты. «Ұлы Дала жауһарлары» залында «Алтын адам» мен «Аңдық стильге» арналған, Қазақстанның Есік қорғанынан табылған, б.з.д VIII-VII ғ. ерте сақ кезеңінің алтын адамының көшірмелерін көріп, географиялық …

ЕҢБЕК ЕЛЕУСІЗ ҚАЛМАЙДЫ …

ЕҢБЕК ЕЛЕУСІЗ ҚАЛМАЙДЫ … Түркістан қаласы Хамза атындағы N 2 жалпы орта мектебінде тәуелсіздігіміздің 31 жылдығына арналған мерекелік іс шара өтті. Мерекелік іс шарада мектеп директоры Д. Дийметова және мектептің кәсіподақ ұйымының төрағасы Б.Абдураимовтар өздерінің жылы лебіздерін білдіріп, ұжымда жанының тазалығы мен көңілдерінің адалдығы,қарапайым да парасатты мінездері және мектептің тазалығына жауапты кіші қызметкерлерге атқарып жатқан …

«Тәуелсіздік деп соғады жүрегім»

Тәуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең. Тәуелсіздік — таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдыретті сөз. Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінде 15 желтоқсан күні Тәуелсіздігіміздің 31 жылдығына арналған «Тәуелсіздік деп соғады жүрегім» атты іс-шара болып өтті. Мерекелік іс-шарада мектеп директоры Д.Дийметова және мектептің …

Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні мерекесіне орай оқушылар арасында шахматты насихаттау

Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінде Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні мерекесіне орай оқушылар арасында шахматты насихаттау, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында дене шынықтыру пәні мұғалімдері Д.Сеитов, А.Юнусов, Т.Мамутовтар 2-11 сынып оқушылары арасында мектепішілік шахмат жарысын ұйымдастырды. Жарыс нәтижесі бойынша 8-«Б»сынып оқушысы Ж.Алиханов I орын, 8-«Д»сынып оқушысы А.Маматкаримов …

«Тәуелсіздік тұғырым»

Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінде тәуелсіздіктің 31-жылдығына арналған тәрбие жоспарына сәйкес барлық сыныптарда тәуелсіздік мерекесіне «Тәуелсіздік тұғырым», «Тәуелсіздік тәңір берген тәтті сый» тақырыптары аясында сынып сағаттары өтті. Елім бар да мен бақытты ұланмын. Елім сүйсе, сенімінен шығармын. Елім менің көтермесе елдігін Намысымның биігінен құлармын. Бүгінде біз дербес …

«Тәуелсіздік туы желбірейді»

Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінде «Тәуелсіздік туы желбірейді» тақырыбында пікірсайыс өткізілді. Тәрбиелік маңызы зор шара болашақ ұрпақтың бойында шығармашылық, ізденімпаздық қабілеттерін дамытып, олардың сыни тұрғыдан және креативті ойлау мүмкіндіктерін арттырады. Пікірсайысқа «Алға» және «Сұңқар» фракциялары қатысып, берілген қарар бойынша пікірталастырды. Пікірсайыс қорытындысы бойынша «Сұңқар» фракциясы жеңімпаз атанды. Пікірсайыс жанды қарым-қатынас, әділ ойын және өзара …

«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы»

Бүгін 2022 жылдың 14 желтоқсан күні қаламыздағы Түркістан жоғары көпсалалы, қолөнер колледжінде «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы» Қоғамдық бірлестігі ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 31 жылдығы мерекесі қарсаңында «Тәуелсіздік-тұғырым» тақырыбындағы ісшара болып өтті. Ісшарада білім саласында қоғам мен ұрпақ алдындағы парасатты еңбегімен білім беру саласындағы мүлтіксіз атқарған қызметі үшін Түркістан …