Skip to content

Category «Uncategorized»

«Бақытты балалық дәуірім» тақырыбында іс-шара

Мектебімізде бастауыш сыныптар апталығы аясында, мектепалды даярлық сыныптарында «Бақытты балалық дәуірім» тақырыбында іс-шара өтілді. Мектебіміздің ең кішкентай бүлдіршіндері сахнаға шығып өнер көрсетті. Балалардың өнерін тамашалауға мектеп директоры және директордың оқу және тәрбие ісінің орынбасарлары, сонымен қатар ата-аналар келді. «Әрбір бала — бір жұлдыз, жарқырауға жәрдем ет» демекші, кішкентай өнерпаздарды сахнаға шығарудың өзі үлкен еңбектің жемісі. …

«Жаңа Қазақстан. Күшіміз бірлікте» тақырыбындағы өнер фестивалі

Жылдағы дәстүр бойынша қаламыздағы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты мектептерде өнер фестивалі жалғасын табуда. Фестивальдің мақсаты: жас таланттардың шығармашылық жұмысын қолдау, жастар бойындағы өнердің дамуына, өркендеуіне қолдау көрсету, талантты жастарды сахна төріне шығару, мемлекеттік нышандарды құрметтеуге, сүюге, қастерлеуге тәрбиелеу, ұлттық әдебиетіміз бен мәдениетімізді, тарихымызды насихаттау, жастарымыздың туған өлкесіне деген сүйіспеншілігін арттыру. «Жаңа Қазақстан. Күшіміз бірлікте» …

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Шәкірт пен ұстаздың жетістігі — мектептің мерейі.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Шәкірт пен ұстаздың жетістігі — мектептің мерейі. Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінің 10-сынып оқушысы Дияра Хасанова Қазақстан тарихы пәнінен қатысып, жүлделі І орынды иеленіп, Республикалық кезеңге жолдама алды. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» шабатын білім бәйгесінде жүлдегер атанған шәкіртіміз бен жетекшісі Бабажанова Курбан Паччаханқызын құттықтаймыз. …

Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыспен құқықбұзушылық және оларға жасалған қылмыс динамикасына қатысты профилактикалық шаралар

Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімінің 08.02.2023 жыл 15-01-01/1332 хаты негізінде кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыспен құқықбұзушылық және оларға жасалған қылмыс динамикасына қатысты профилактикалық шараларды күшейту мақсатында Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінде 15 ақпан күні жоғары сынып оқушыларының ата-аналарымен жиналыс өткізілді. Жиналысқа мектеп әкімшілігі, әкелер мектебі, әжелер мектебінің мүшелері және Түркістан қаласы ПБ ЖПҚБ ЮПТ …

«Мектептегі бір күн» жобасы

Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінде 2023 жылдың 8 ақпан күні «Отбасы бақыт аясы» тақырыбында бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарына ашық есік күні ұйымдастырылды. Мақсаты: «Мектептегі бір күн» жобасы аясында ата-аналармен қатынасты үйлестіру, отбасылық қауымды мектеп қызметіне белсене араласуға тарту. Ашық есік күніне Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскері Мария Зейдинқызы Ибраева және мектептің ата-аналар …

«Құқық бұзушылықтың алдын алу басты міндет»

Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінде 2023 жылдың 9 ақпан күні Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімі мемлекеттік мекемесі бөлімінің №15/01-01/1315 07.02.2023 жылғы хаты негізінде «Құқық бұзушылықтың алдын алу басты міндет» тақырыбында қалалық прокуратураның бөлім бастығы Жүсіпбай Мақсат Кенжеханұлы, Түркістан қаласы ПБ ЖПҚб ЮПТ аға инспекторы полиция капитаны Рысбеков Жанабек Алибекұлының қатысуымен 8-11 сынып оқушыларымен …

Шәкірт жетістігі — ұстаз еңбегі

Хамза атындағы жалпы орта мектебі бойынша 2022-2023 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушылары арасында өткен республикалық пәндік олимпиаданың қалалық кезеңіне 37 оқушымыз қатысып, 27 оқушы жүлделі орынға, 4 оқушымыз алғыс хатқа иеленді. Шәкірт жетістігі — ұстаз еңбегі, дегендей шәкірттеріміздің пәндік олимпиаданың шыңын бағындыруда ұлағатты ұстаздарымыздың жүйелі дайындығы және тынымсыз еңбегінің нәтижесі. …

Мир Әлішер Науаидың туғанына 582 жыл

Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінде 2023 жылдың 2 ақпан күні ұлы ойшыл, ғазал патшалығының сұлтаны Мир Әлішер Науаидың туғанына 582 жыл толуына арнап бастауыш сынып мұғалімі Б.Юсупованың ұйымдастыруымен «Алишер Навоий — мангу бархаёт» тақырыбында іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты: ұлы ғұламаның өмірі, шығармашылығына, еңбектеріне деген қызығушылықтарын арттыру, оқушыларды отаншылдыққа, адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Әлішер Науаи – …

«Жасөспірімдер арасында қылмыс пен нашақорлықтың алдын алу»

Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінде 2023 жылдың 30 қаңтар күні 9-11 сынып оқушылары арасында «Жасөспірімдер арасында қылмыс пен нашақорлықтың алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Мақсаты: оқушыларға зиянды заттардың адам денсаулығына тигізер залалы және осындай зиянды заттардың адам ағзасына түрлі аурулар тудыратыны туралы түсінік беру. Оқушыларға зиянды заттардан аулақ болуға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға …

«Елбасы медалі». Шәкірт жетістігі — баршамыздың мақтанышымыз.

Шәкірт жетістігі — баршамыздың мақтанышымыз. «Елбасы медалі» — жас спортшыларды, еріктілерді және мәдени мұраны қастерлейтін жастарды өскелең ұрпақты қолдау және ынталандыруға бағытталған ұлттық деңгейдегі бағдарлама. Бағдарламаға 14-29 жас аралығындағы әрбір жас қатыса алады. Қатысушылар «алтын», «күміс» немесе «қола» медальдармен марапатталады. «Елбасы медалі» жобасына әрбір қатысушыға жеті бағыт бойынша өзін-өзі дамыту бағдарламасы ұсынылады: «Спорт және дене …