Skip to content

Category «Uncategorized»

Оқу-жаттығу барысында терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық шеңберінде

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының 10.05.2023жылғы 42-01-11/4988 хатына сәйкес 2023 жылдың 12 мамыр күні Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінде оқу-жаттығу өткізілді. Оқу-жаттығу барысында терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық шеңберінде бекітілген алгоритмге сәйкес түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мектептің алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі Д.Хансеитов оқушыларды терроризм актісінің қауіп-қатері төнген жағдайдағы іс-әрекеттер туралы жадынамамен слайдтық …

Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінде «Жасыл мекен» республикалық челленджі өткізілді.

Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасының «Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығы» КММ-нің 10.04.2023 жылғы №24 хатына сәйкес, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Тоғыз айға 9 іс-шара» тұжырымдамасын орындау мақсатында ағымдағы жылдың 12 мамыр күні Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінде «Жасыл мекен» республикалық челленджі өткізілді. «Жасыл мекен» челленджінің мақсаты: оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру және еңбекқорлыққа …

Шахзод Розбаев және Елнур Хамитов «Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат» деген спорттық санатқа ие болды

Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Спортпен айналысқан адамдың денсаулығы мықты, әрі шыдамды болады. Денсаулық адамдың ең қымбат дүниесі. Сондықтан біз денсаулығымызды нығайту үшін спортпен шұғылдануымыз керек. Спорттың адам өмірінде қаншалықты пайдалы екенін, оның адам өмірін ұзартатынын біз білеміз. Дене жаттығуы адам баласына қашан да пайдалы. Күні бойы өзіңді сергек сезініп жүрудің …

«Еркін ел ұрпағы» тақырыбында жалпыұлттық патриоттық диктант

Түркістан қаласы Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінде 2023 жылдың 4 мамыр күні сағат 11:00-де оқушылардың қатысуымен мамыр мерекелері және Жеңіс күні қарсаңында «Еркін ел ұрпағы» тақырыбында жалпыұлттық патриоттық диктант алынды. Диктант алудағы мақсат: Еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін дәріптеу, ұлттық құндылықтар мен ұлттық мұраттарды бойына сіңірген патриоттық рухтағы ұрпақ тәрбиелеу. Міндеттері: Қазақстандықтардың мемлекеттік тілді білу …

«Қазақстан — татулық пен бірліктің ордасы» тақырыбында іс-шаралар өтілді.

Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінде ағымдағы жылдың 28 сәуір күні 1 мамыр — Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесіне орай «Қазақстан — татулық пен бірліктің ордасы» тақырыбында іс-шаралар өтілді. Бірлік пен ынтымағы халықтың, Көгімізде жарқыраған жарық күн. Ырыс, дәулет бақыты үшін халқымның, Жайнай берсін, жайнай берсін алтын күн! #Хамза_ЖОМ #Бірлігіміз_жарасқан

«Жаңа Қазақстан. Күшіміз бірлікте» атты өнер фестивалі

Жаңа Қазақстандағы оқушы жастардың руханиятын көтеру арқылы Отан сүйгіштікке, адамгершілікке, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын терең білуге тәрбиелеу мақсатында өткізілген «Жаңа Қазақстан. Күшіміз бірлікте» атты өнер фестивалінде Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебі жүлделі І орынды иеленді. Жеңіс құтты болсын! Шығар шыңдарымыз, бағындырар биіктеріміз, алар асуларымыз көп …

«Intellectum DD2» Директорлар дебаты атты дебат турнирі

Түркістан облысының Білім беруді дамыту орталығы 2023 жылы 28 сәуір күні мектеп директорларының арасында «Intellectum DD2» Директорлар дебаты атты дебат турнирін өткізді. Турнирдың мақсаты: Білім беру саласындағы, қрғамдағы өзекті мәселелерді талдау, шешу жолдары қарастыру, мектеп директорларының сөйлеу және ораторлық мәдениетін дамыту және толеранттық тәртіппен азаматтық танымды дамыта отырып, қоғамдағы маңызды мәселелер аясында өз көзқарастары арқылы …

«Өнер адамның рухани әлемі» атты өнер пәндер бірлестігі айлығының ашылуы болып өтті

Жер бетінде адам өмір өткізер, Бар нәрсеге білім қолды жеткізер Бар ізгілік тек өнерден алынар Өнерменен аспанға жол салынар — деп 2023 жылдың 25 сәуір күні Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінде «Өнер адамның рухани әлемі» атты өнер пәндер бірлестігі айлығының ашылуы болып өтті. Ашылу салтанатында бірлестік мүшелері айлық жоспармен таныстырып, шығармашылық жұмыстарын көрсетіп, ән …

  Түркістан қаласы Адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Хамза атындағы №2 жалпы орта білім беретін мектебінің әкімшілігі 2022-2023 оқу жылындағы соңғы қоңырау, қорытынды аттестаттау, ҰБТ тапсыруда мына жағдайларды ескертеді: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру мақсатында қатаң тыйым салынады; мектеп қажеттіліктеріне, 4, 9, 11 сыныпты аяқтауына, мектептің жөндеу жұмыстарына ақша жинауға қатаң тыйым салынады; Барлық қатысушыларға …

«Сырлы би толқыны» қалалық бишілер байқауы

«Қазақтың тұңғыш балеринасы, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Нұрсұлу Елубайқызының 100 жылдығына орай Түркістан қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Сырлы би толқыны» қалалық бишілер байқауы болып өтті. Байқаудың мақсаты: би әлеміндегі өз халқының және өзге халықтардың мәдениетін танып білуге бағыттау. Хореографиялық, шығармашылық қабілеттерін дамыту, музыка жанрын түсініп білуге баулу, ұлттық өнердің қыр-сырын үйрету. Аталмыш байқауға Хамза атындағы …