Перейти к содержанию

Архивы за день 19 марта, 2025

Түркістан қаласының білім бөліміне қарасты Хамза атындағы №2 жалпы білім беретін мектебінде 2025 жылдың 22 қантар күні «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында 3 «В» сыныбында «Ата-анам байлығым» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді.

1 февраль  ·  Түркістан қаласының білім бөліміне қарасты Хамза атындағы №2 жалпы білім беретін мектебінде 2025 жылдың 22 қантар күні «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында 3 «В» сыныбында «Ата-анам байлығым» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді. Сынып жетекшісі К.Нуруллаева. Мақсаты: Оқушыларды ата-анасына деген құрмет пен сүйіспеншілікке тәрбиелеу. «Үлкенге құрмет, кішіге ізет» көрсетуге тәрбиелеу. Сабақ барысында оқушыларымыз және ата-аналарымыз …

Хамза атындағы №2 жалпы білім беретін мектептің 2″Д» сыныбында «Ата-анам менiң байлығым» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.

1 февраль  ·  Хамза атындағы №2 жалпы білім беретін мектептің 2″Д» сыныбында «Ата-анам менiң байлығым» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Сабақтың мақсаты балалардың ата-анаға құрметі мен сүйіспеншілігін арттыру, отбасылық құндылықтарды бағалауға тәрбиелеу. Сынып жетекшісі Д.Джолдасова жаттығулар, сұрақ-жауап, өткізіп, бейнероликтер көрсетті. Сабақ барысында оқушылар ата-аналарына деген алғыстарын білдіріп,олар туралы жылы лебіздерін айтып, өлең оқыды. Сабаққа тәрбие ісінің орынбасарлары …

ЖАС МАМАНДАР АПТАЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ…

31 январь  ·  ЖАС МАМАНДАР АПТАЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ… Түркістан қаласы білім бөліміне қарасты Хамза атындағы N2 жалпы білім беретін мектебінде «ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ ИЕСІ-ЖАС МАМАН» тақырыбында жас мамандар апталығы басталды. Апталықтың мақсаты: жас педагогтердің әдістемелік деңгейін көтеру,өзін-өзі жетілдіруге және әлеуметтік шығармашылығының дамуына жағдай жасау, жаңаша әдістерді ендіруде және ізденуге шабыттарын арттыру. Апталықты мектеп директоры Дильбар Абдуразаққызы ашып, үйретері …

ҰЛТТЫҚ ФИЛЬМ АЙЛЫҒЫ ӨТТІ….

31 январь  ·   ·  ҰЛТТЫҚ ФИЛЬМ АЙЛЫҒЫ ӨТТІ…. Ұлттық фильмдер – ұлттық құндылықтарды, тарихты, салт-дәстүрлерді және халықтың дүниетанымын бейнелейтін, келер ұрпаққа жеткізетін маңызды мәдени құралдардың бірі. Түркістан қаласы білім бөліміне қарасты Хамза атындағы N2 жалпы білім беретін мектебінде Түркістан облысы білім басқармасының 09.01.2025 жылғы N25/109 хаты негізінде, «Аралас мектептердегі мемлекеттік тілдің оқыту сапасын жетілдіру » өңірлік жобасын …

Ұстазы мықтының-ұстамы мықты!

30 январь  ·  Ұстазы мықтының-ұстамы мықты! Мұғалім барлық білім беру жүйесінің діңгегі, түп тамыры, жаны мен жүрегі. Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, шеберлікті, икемділікті, мейірімділікті, ерекше шәкіртжандылықты кажет ететін де ұстаздық. Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни катаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелейді. Ұстаз …

«Жасөспірімдердің арасында деструктивті, аутодеструктивті міне-құлықтың алдын-алу және психологиялық түзету» тақырыбындағы психологиялық апталықтың бүгінгі күнгі психологиялық сабағы.

29 январь  ·  «Жасөспірімдердің арасында деструктивті, аутодеструктивті міне-құлықтың алдын-алу және психологиялық түзету» тақырыбындағы психологиялық апталықтың бүгінгі күнгі психологиялық сабағы. Мектебіміздің педагог-психологтары С.Мирзаметова, З.Анарбаевтар 6«Г»-сыныбында «Әдептілік-әдемілік» тақырыбында психологялық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: оқушыларды жақсылыққа,адамгершілікке, кішіпейілділікке, әдептілікке, жаман әдеттерден аулақ болуға, үлкенге ізетті, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу. Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып әдеп әліппесін бойына дарыту, …

Түркістан қаласы білім бөліміне қарасты Хамза атындағы N2 жалпы білім беретін мектебінде «Психология –ғажайып әлем» психологиялық апталығының кезекті іс-шарасы жалғасын тапты.

29 январь  ·  Түркістан қаласы білім бөліміне қарасты Хамза атындағы N2 жалпы білім беретін мектебінде «Психология –ғажайып әлем» психологиялық апталығының кезекті іс-шарасы жалғасын тапты. Білім алушыларға психологиялық рухани қолдау көрсету, ойын, жаттығулар арқылы ойлау қабілетін дамыту мақсатында 2025 жылдың 29 қаңтар күні «КӨҢІЛДІ ҮЗІЛІС» ұйымдастырылды. Педагог-психолог: С.Мирзаметова З.Анарбаев. Оқушыларға жағымды көңіл-күй сыйлау біз үшін маңызды. #Біртұтас_тәрбие …

Психология саласы – адамның дара тұлғалық психикасын, өзінің сан-алуан сезім, аффективті, интеллектуалды, басқа да туа біткен фунцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым.

29 январь  ·  Психология саласы – адамның дара тұлғалық психикасын, өзінің сан-алуан сезім, аффективті, интеллектуалды, басқа да туа біткен фунцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым. Оқушылардың мінез-құлқының дұрыс қалыптасуына ықпал ете алатын маман бұл педагог-психолог маманы. «ПСИХОЛОГИЯ-ҒАЖАЙЫП ӘЛЕМ» апталығы аясында мектебіміздің педагог-психологтары С.Мирзаметова, З.Анарбаев 2025 жылдың 29 қаңтар күні 8-«В» сыныбында «Мінез-құлық мәдениеті» тақырыбында …

Қазақстандық бірінші сынып оқушылары қосымша қысқы демалыста 7 күн демалады.

29 январь  ·  Қазақстандық бірінші сынып оқушылары қосымша қысқы демалыста 7 күн демалады. Еліміздің мектептерінде 2025 жылғы 9 қаңтардан бастап 10 оқу аптасынан тұратын III тоқсан басталды. 1-сыныпта білім алушыларға 2025 жылғы 10-16 ақпан аралығында (күнтізбелік 7 күн) қосымша демалыс беріледі. #Хамза_мектебі

28 қаңтар 2025 жылы Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізді.

29 январь  ·  28 қаңтар 2025 жылы Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Жиынға Премьер-Министр Олжас Бектенов, Үкімет мүшелері, Ұлттық банк төрағасы, облыстар мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері, орталық мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың жетекшілері қатысты. Мемлекет басшысы жиын барысында Үкімет жұмысының басты бағыттарын айқындады. Атап …