Перейти к содержанию

Мектептегі психологиялық қызмет әрбір баланың толыққанды дамуына әсер ететін жағдайлармен қамтамасыз ету негізгі мақсат болып табылатын білім беру жүйесіндегі арнайы сала.

Мектептегі психологиялық қызмет әрбір баланың толыққанды дамуына әсер ететін жағдайлармен қамтамасыз ету негізгі мақсат болып табылатын білім беру жүйесіндегі арнайы сала. Мақсаты – мектеп оқушыларының жеке тұлға ретіндегі қалыптасыуына, олардың шығармашылық мүмкіндіктерінің ашылуына, мұғалімдер ұжымында психологиялық ахуалды қалыптастыру, ата-аналар үшін психологияық сауаттандыру, білім беру сабақтарын ұйымдастыру. Осы мақсатты негізге ала отырып, Түркістан қаласы білім бөліміне қарасты Хамза атындағы №2 жалпы білім беретін мектебінде педагог-психолог Саодат Мирзаметова мен Зафар Анарбаев ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты түзеу мақсатында 5-6 сынып ата-аналарымен «Сәтті қарым-қатынас тренингі», 7-8 сынып ата-аналарымен «Ашу-ызамен не істеу керек?», 9-10 сынып ата-аналарымен «Күйзелістен қалай арылуға болады?» тақырыбында тренингтер жүргізді. Жиналыс жоғары деңгейде өтілді. Жиналыс соңында ата-аналар керемет сезімде болғандықтарын айтып, мектептегі психологиялық қолдаудың өте жақсы жолға қойылғандығына өз ризашылықтарын білдірді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *