

17 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні!


Бүгін – халқымыздың ғасырлар бойы сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа мирас еткен рухани байлығы мен ұлттық құндылықтарын дәріптейтін ерекше күн!


Музыка, қолөнер, сәулет өнері, киіз үй, ұлттық киімдер – мұның бәрі мәдениетіміздің ажырамас бөлігі.
Сан ғасырлар бойы халқымыздың өмір сүру салты, дүниетанымы, құндылықтары мен сенімдері салт-дәстүр арқылы беріліп келеді. Той дәстүрі, дастархан әдебі, бала тәрбиесі, үлкенге құрмет – барлығы біздің болмысымыздың айнасы.


Еліміздің рухани байлығы – біздің бірлігіміздің, тіліміздің, мәдениетіміздің мәңгілігінің кепілі.