Перейти к содержанию

«ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ТАҚЫРЫБЫНДА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ…..

🔥🔥️«ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ТАҚЫРЫБЫНДА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ…..
✅Түркістан қаласы білім бөліміне қарасты Хамза атындағы N2 жалпы білім беретін мектебінде 2025 жылдың 16 қаңтар күні Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері азаматты қорғау аға лейтенанты Әли Оралбай арнайы келіп, оқушыларға «Өрт қауіпсіздігі» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
✅️Мақсаты: Оқушылардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ету дағдыларын үйрету.
🔥Өрттің қаншалықты қауіпті екені туралы оқушыларға түсіндіріп, білімдерін кеңейтіп, өрт сөндірудің алғашқы құралдары және өрт қауіпсіздігі ережелерімен таныстырды.
♨️ 1.Электр құрылғылары мен сымдарын су қолыңмен ұстама.
♨️2.Розеткамен ойнама,оған бөтен нәрселер тықпа.
♨️ 3.Электр құрылғыларының шнурын розеткадан тартып алуға болмайды.
♨️4.Үйден шығарда жарықты сөндіріп,электр құралдарын өшір.
♨️5.Сіріңкемен,майшаммен және шақпақ оттықпен ойнама.
♨️6.Жанып тұрған плитаны қараусыз қалдырма.
♨️7.Отшашу, педарда, бенгаль оттарын үлкендердің бақылауынсыз қолданба.
♨️8.Ашық, үзіліп тұрған сымдарға жақындама.
✅Оқушыларға қауіпсіздік шаралары,өрт жағдайында әрекет ету ережелері туралы бейнероликтер көрсетіліп, арнайы дайындалған жадынама қағаздары таратылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *