Түркістан қаласы білім бөліміне қарасты Хамза атындағы N2 жалпы білім беретін мектебінде «Наурызнама» онкүндігінің жоспарына сәйкес, дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен “Ұлттық ойындар” күні аясында “Асық ату”, «Арқан тарту», «Тоғызқұмалақ», «Қол күресі», «Гир көтеру», «Ләңгі тебу» ойындары ұйымдастырылды. .
Ұлттық ойындар – ерте заманнан қалыптасқан дәстүрлі ойын-сауықтардың бір түрі. Оның бастауы тым тереңде, ғасырлар қойнауында жатыр.
Ұлттық ойындардың адам денсаулығын жақсарта түсуде пайдасы зор екені белгілі. Халқымыздың ұлттық ойындары – бабаларымыздан қалған асыл қазына. Сондықтан халықтық мұраны үйренудің әрі күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуде орасан пайдасы тимек.
Ұлттық ойындар әр баланың алдынан өмірдің жарқын сәттерін ашып, жеке қасиеттерімен біте қайнасып, әрі қарай дамуымен ұштасады.