

Түркістан қаласы білім бөліміне қарасты Хамза атындағы N2 жалпы білім беретін мектебінде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының «Шабыт» жобасы аясында «Ұлттық мәдениет» тақырыбында көрме ұйымдастырылды. Көрмеге оқушылардың қолынан жасалған туындылар қойылды.


Мақсаты:
• Оқушылардың қолөнерге деген қызығушылықтарын арттыру.
• Шығармашылық қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік беру.
• Ұлттық құндылықтарымызды
насихаттау.


Ұлттық мәдениет- ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан баға жетпес мұра.Ол халықтың бірлігін нығайтып, рухани байлықтың айнасы болып табылады.