Skip to content

Басты

МЕКТЕПІШІЛІК ОЛИМПИАДА

Оқушылардың оқу-танымдық қабілеттерін ынталандыру, пәндік білімдерін тереңдету, ғылымға деген қызығушылығын дамыту, оқушыларды аймақтық және облыстық олимпиадаларға қатыстыруға іріктеу және дайындықтарын пысықтау мақсатында, 2022 жылы 17 қараша күні мектепішілік пәндік олимпиада өткізілді. Олимпиада пакеттері мектеп директоры Д.Дийметова және комиссия мүшелерінің қатысуымен ашылды. Олимпиада 6 пәннен өтілді. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Еңселі елдің ертеңі – кемел білім мен ғылымда», - деп атап көрсеткендей, бүгінгі қоғам сіздерден білім мен ғылымды игеру жолында үздіксіз ізденуді талап етіп отыр. Өткен білім сайысында әрбір оқушының білім деңгейлері таразыланып, «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» дегендей, олимпиада жүлдегерлері анықталды. Жалпы 127 оқушы қатысып, 62 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Жалпы мектепішілік олимпиаданы өткізу жұмыстарын «жақсы» деп бағаланды. Олимпиада материалдары уақытымен тапсырылды. Жүлделі орындарға ие болған оқушылар және белсене қатысқан оқушылар марапатталды. Мұғалімдер өз ісіне жауапкершілікпен ат салысты.